Сиыр етін экспорттауға тыйым: Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны алыпсатарлыққа байланысты түсіндірді
© Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі 7 қаңтарда сиыр етін экспорттауға уақытша шектеу енгізу себептерін түсіндіріп, бұл шаралар ішкі нарықты қорғауға және толық циклді өндірушілерді қолдауға бағытталғанын мәлімдеді.
Ведомствоның атап өтуінше, шектеулердің негізгі мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ет өнімдерін терең өңдеуді ынталандыру және сыртқы сауда операцияларының ашықтығын арттыру. Сонымен қатар еттің шығу тегін қадағалау жүйесін қалыптастыру мен нақты статистика жүргізу де қосымша міндеттердің бірі болып табылады.
Мұндай шешім қабылдауға кейбір компаниялар мен шағын сою цехтарының малды бордақылаусыз, өз өндірістік базасын дамытпай қайта сату тәжірибесі себеп болған. Министрліктің бағалауынша, мұндай тәсілдер алыпсатарлық делдалдыққа жол ашып, сұраныс пен ұсыныстың нақты теңгерімін бұрмалап, ішкі бағаларға қысым түсірген.
Осыған байланысты квота тетігі малды өсіру мен бордақылау процесіне қатыспайтын экспорттық делдалдардың рөлін азайтуға, сондай-ақ өндірісіне инвестиция салып, технология енгізіп, жұмыс орындарын құрып отырған шаруашылықтарды қолдауға бағытталған.
Экспорттық квоталарды бөлу, олардың көлемі мен қолданылу мерзімін белгілеу құзыретті орталық мемлекеттік органдар тарапынан уәкілетті құрылымдармен келісу арқылы жүзеге асырылады. Министрліктің мәліметінше, мұндай тәсіл нарықтағы өзгерістерге жедел әрекет етуге және ішкі тұтынуға басымдық беруге мүмкіндік береді.
Ведомство енгізілген шектеулердің жүйелі сипатқа ие екенін, мал шаруашылығын ұзақ мерзімді дамытуға, отандық фермерлер мен қайта өңдеушілердің позициясын нығайтуға және ішкі нарықта сапалы сиыр етінің қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Айта кетейік, 31 желтоқсанда Қазақстанда сиыр етін сыртқа шығаруға қойылған шектеулер алты айға ұзартылғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:20, 8 қаңтар 2026
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді
-
23:07, 8 қаңтар 2026
Қазақстан фристайл-акробатикадан Канадададағы Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады: нәтижелер
-
22:42, 8 қаңтар 2026
Шаңғымен тұғырдан секіру: қазақстандықтар «Төрт тұғыр турнесінде» қалай өнер көрсетті
-
22:20, 8 қаңтар 2026
Қызылордада екі адамды өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды
-
22:03, 8 қаңтар 2026
Алматыда екі кроссовер соқтығысып, біреуі арыққа түсіп кетті





