Өзбекстанда сәуірден бастап салық жүйесі өзгереді
© Фото: pexels
Өзбекстан билігі салық жүйесіне бірқатар жаңашылдық енгізуді жоспарлап отыр. Өзгеріс алдымен мемлекеттік қызметшілерге қатысты.
Түрлі деңгейдегі шенеуніктер келешекте декларацияда көрсетілген табысына сай емес мүлікті қайдан алғанын дәлелдеуге міндеттеледі. Президент бұл бойынша заң жобасын әзірлеуді тапсырған. Құжат сәуірден бастап, қоғамдық талқылауға шығарылады.
Ал келесі айдан бастап күшіне енетін нақты өзгеріс кәсіпкерлік нысандарға қатысты. Ертеңнен бастап, фармацевтикалық компаниялар мен медициналық қызмет көрсететін ұйымдар қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі, деп жазады qazaqstan.tv.
Пайдалы қазбалар өндіруде жерге құқық беретін құжаттың болуы қатаң тексеріледі. Бақылау-кассалық аппараты мен төлем терминалдарын пайдалану тәртібіне қадағалау күшейеді.
"Салықтық құқық бұзушылық бір рет анықталса, кәсіпкер ескерту алады. Егер үш күн ішінде қайталанса, бұл арнайы тексеру жүргiзуге негiз болады. 24 сағаттың ішінде бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесіне мәлімет түседі, бұл туралы бизнес-омбудсменге хабарланады." Бехзод Ботыралиев, Мемлекеттік салық комитеті басқарма басшысының орынбасары
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:04, 4 сәуір 2025
Израиль әскері мектепті бомбалады
-
13:18, 4 сәуір 2025
Трамптың баж салығы: Азия мен Еуропадағы нарықтар құлдырауда
-
13:08, 4 сәуір 2025
Венадағы футбол алаңында I ғасырдағы Рим жауынгерлерінің қаңқасы табылды
-
13:18, 3 сәуір 2025
Тәуекел деңгейі төмен: АҚШ-тың жаңа БАЖ салығы Қазақстанның стратегиялық экспортына әсер етпейді
-
11:35, 3 сәуір 2025
Швейцарияда 8 жыл бойы «ең күрделі» қол сағаты құрастырылды
Танымал жаңалықтар
-
21:06, 4 сәуір 2025
-
22:51, 4 сәуір 2025
-
21:22, 4 сәуір 2025
-
22:00, 4 сәуір 2025
-
19:54, 4 сәуір 2025
-
20:09, 4 сәуір 2025
-
19:54, 4 сәуір 2025
-
09:10, 5 сәуір 2025
-
10:03, 5 сәуір 2025
-
09:41, 5 сәуір 2025
-
11:12, 5 сәуір 2025
-
12:10, 5 сәуір 2025
-
12:10, 5 сәуір 2025
-
13:34, 5 сәуір 2025
-
12:43, 5 сәуір 2025