Венадағы футбол алаңында I ғасырдағы Рим жауынгерлерінің қаңқасы табылды

13:08, 4 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Археологтар Венада біздің дәуіріміздің I ғасырына жататын римдік зиратты тапты. Бұл жерде неміс тайпалары мен римдіктер арасындағы шайқаста қаза тапқан 150-дей адам жерленген болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

AP мәліметтері бойынша, I ғасырға жататын зиратты құрылыс бригадалары 2024 жылдың қазан айында Венадағы футбол алаңын қалпына келтіру үшін жерді қопарған кезде тапты.

2 сәуірде археологиялық талдаудан кейін Вена мұражайының сарапшылары 129 адамның қаңқасы табылғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, біршама сүйектер табылған, осыған қарап зерттеушілер зиратта шамамен 150-дей адам жерленгенін болжады.

"Германияда қару-жарақ табылған үлкен алаңдар бар. Бірақ қаңқаларды табу Рим тарихына ғана тән", – деді археологиялық жұмыстардың жетекшісі Михаэла Биндер.

Деректерге сүйенсек, III ғасырға дейін Рим империясында қайтыс болған адамның денесі өртелген.

Ал, бұл жолы шұңқырдағы мәйіттердің асығыс көмілгені болжанды. Зерттелген әрбір қаңқада жарақат белгілері анықталған – атап айтқанда бас, кеуде және жамбас аймағынан жарақат алған. Көмілгендердің көпшілігі 20-30 жас аралығындағы ер адамдар.

Бұған дейін жабайы тайпа қоныстанған аралға бармақ болған АҚШ-тық саяхатшының қамауға алынғаны хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!