Атырауда 80 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған интернет-алаяқ ұсталды

12:43, 5 сәуір 2025

© Сурет: polisia.kz

Атырау облысының 31 жастағы тұрғыны онлайн-банкинг арқылы тұрғындарға несие қаражатын қолма-қол алып беретінін айтып, алаяқтық қылмысын жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті осындай жолмен 30 қылмыс жасап, тұрғындарға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Қазіргі таңда 31 жастағы күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмеді.

Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға және жеке деректерді құпия ұстауға үндеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!