Абай облысындағы өрттің таралуы тоқтаған, жағдай тұрақтанып келеді
© Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысы Бесқарағай ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы Бесқарағай ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімдері, арнайы техника мен орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды.
Өрт сөндіруге Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, "Семей орманы" мен "Ертіс орманы" мекемелерінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар атсалысып жатыр.
Жағдайды бақылау үшін оқиға орнына Абай облысының әкімі Берік Уәли барып, жедел штаб отырысын өткізді. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов өңір басшысына ахуал жайлы баяндады.
Өртті сөндіруге барлығы 353 адам, 130-ға жуық техника және 1 тікұшақ тартылды. Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтаған, жағдай тұрақтанып келеді. Мамандардың айтуынша, жаңбырлы ауа райы өртті сөндіруге қолайлы жағдай туғызған.
Облыс әкімі өрт толық сөндірілгенге дейін жағдай қатаң бақылауда болатынын айтып, тиісті тапсырмалар берді.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Ең бастысы – адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі. Барлық техника мен мүмкіндіктер жұмылдырылуы тиіс. Қазір Өскемен мен Павлодардан көмек келе жатыр. Таңертең тікұшақпен өрт болған аумақты шолып шығамын. Жағдай тікелей бақылауымда болады", - деді Берік Уәли.
Қазіргі уақытта ең бастысы, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Аймақтағы ахуал толық қадағаланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 8 сәуір 2025
Қарулы қақтығыстарға қатысу: Қазақстанның Ішкі істер министрлігі маңызды ескерту жасады
-
10:15, 8 сәуір 2025
Ақтөбелік шенеунік жол сызбаларына бөлінген миллиондаған теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырған
-
10:05, 8 сәуір 2025
Рудныйдағы балаларға көмек көрсету орталығынан екі жасөспірім қашып кетті
-
09:53, 8 сәуір 2025
Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып сайланды
-
09:45, 8 сәуір 2025
Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады
Танымал жаңалықтар
-
11:32, 7 сәуір 2025
-
11:59, 7 сәуір 2025
-
13:24, 7 сәуір 2025
-
14:20, 7 сәуір 2025
-
12:48, 7 сәуір 2025
-
11:24, 7 сәуір 2025
-
11:07, 7 сәуір 2025
-
12:10, 7 сәуір 2025
-
12:36, 7 сәуір 2025
-
17:53, 7 сәуір 2025
-
20:42, 7 сәуір 2025
-
22:52, 7 сәуір 2025
-
11:45, 7 сәуір 2025
-
21:00, 7 сәуір 2025
-
13:11, 7 сәуір 2025