Павлодар маңындағы ірі дала өрті сөндірілді

10:03, 5 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар маңында болған ірі дала өрті туралы кейінгі ақпаратты таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 4 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай орман шаруашылығында өрт шықты. Ол жерде құрғақ шөп жанып жатқаны хабарланды. Екпіні күшті жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етіп, жедел жұмысты қиындатты.

"Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы дала өрті алдын ала 20 гектар алаңда сөндірілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі 5 сәуірде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!