Мысырда чехиялық турист акуланың құрбаны болды

11:20, 6 тамыз 2018

Чехиядан келген турист мысырлық курорт – Марса-Аламда акуланың құрбаны болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 3 тамызда Марса-Алам жағажайында адам сүйектері табылған.

Басылым ақпараты бойынша, турист аквалангпен жүзу кезінде жағалаудан 20 километр қашықтықта акулаға жем болған.

Ер адам Марса-Алам курортында әйелі және баласымен демалыста болған.

Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы топ құрды.

Айта кету керек, туристің акула шабуылынан көз жұмған қайғылы оқиға соңғы рет Мысырда 2015 жылы орын алған болатын. Ол кезде Германиядан келген турист әйел жыртқыш су жануарының құрбаны болған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!