Чехияда жол құрылысы кезінде сарбаздардың жаппай жерленген орындары табылды
© Сурет: pixabay
Чехияда Яромерж бен Трутнов қалалары арасындағы D11 автомагистралін салу барысында археологтар XVIII–XIX ғасырларға жататын әскери сарбаздардың жаппай жерленген бірнеше орнын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Fox News дерегінше, бұл олжа жолдың шамамен 3,7 шақырымдық учаскесінен табылған.
Оломоуц археологиялық орталығы мамандарының айтуынша, жерлеу орындарының бірі 1745 жылғы екінші Силезия соғысы кезімен тұспа-тұс келсе, қалған үш қорым 1866 жылғы Австро–пруссия соғысы кезіндегі ұрыстармен байланысты.
XVIII ғасырға жататын қабірден 12 сарбаздың сүйегі табылған. Олардың нақты қай әскерге тиесілі екені әзірге анықталмаған. Ал XIX ғасырдағы жерлеу орындарынан 43 әскери қызметкердің сүйегі шыққан: оның 23-і – австриялық, 20-сы – пруссиялық сарбаздар. Сүйектерде оқ тиген жарақаттардың іздері бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 7 қаңтар 2026
Филиппинде қатты жер сілкінісі болды
-
11:11, 7 қаңтар 2026
Венесуэла шегініс жасады: Трамп мұнайға қол жеткізетін болды
-
22:46, 6 қаңтар 2026
Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
-
10:07, 6 қаңтар 2026
Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары болды
-
09:03, 6 қаңтар 2026
Венесуэла АҚШ-тың ықтимал шабуылына дайындалуда: 4 миллионнан астам адам жұмылдырылды





