АҚШ-та тары қосылған шай ішетін америкалықтардың қатары көбейген
© Сурет: pixabay
АҚШ-та тары қосылған шай ішетін америкалықтардың қатары көбейіп жатыр. Өйткені, осы дәмді ұсынатын, ұлттық тағамдарды әзірлейтін дәмханалар бар.
Тары ғана емес, мұнда түбі бір түркі елдерінің тағамдары жетерлік. Бұған дейін бұл дәмхананың иесі түрік бауырлар болған. Кейін Қуатбек Махмұткәрімұлы кәсіпті сатып алып, дәмхананың атауын өзгертпеген. Құжат рәсімдеу уақытқа шығын. Қазір ас мәзіріне ептеп қазақтың дәмін қосып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
"Бізде таза ет, жапырақтап кесілген, әрбір төрт слойдан кейін қойдың құйрықмайы болу керек негізі. Құйрық май бұл жерде болмағандықтан біз қабырғаның майын қоямыз. Біздің донеріміз өте керемет. Қосымша ретінде біз самсаны қосып жатырмыз, манты бар, өздеріңіз көріп отырғандай тарымен қара шай, апаларымыз ішетін соны қостық." Қуатбек Махметкәрімұлы, кәсіпкер
Дәмхананың ашылғанына бір жылға жуықтап қалды. Мұнда 170 адам бір уақытта тамақтана алады. Сұраныс артып келеді. Әсіресе, тары қосылған шайға құмартқандар көп.
Кәсіпкер тарыны Қазақстаннан, Ақтөбе өңірінен алдыртады. Қазір екі ел арасындағы барыс-келіс, алыс-беріс жеңілдеген. Жалпы, америкалықтар шайға аса әуес емес. Бірақ, тарының дәмін татқан қонақтар қайтадан келіп, күнделікті бұл шайды тұтынуды әдет қылған.
Қазақстандық кәсіпкер бұл дәмхананың атауын қазақша қойып, дизайнға ұлттық бояуды қосып, ас мәзірінде де төл тағамдарымызды одан әрі көбейтуді көздеп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 7 қаңтар 2026
Филиппинде қатты жер сілкінісі болды
-
11:11, 7 қаңтар 2026
Венесуэла шегініс жасады: Трамп мұнайға қол жеткізетін болды
-
22:46, 6 қаңтар 2026
Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
-
10:07, 6 қаңтар 2026
Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары болды
-
09:03, 6 қаңтар 2026
Венесуэла АҚШ-тың ықтимал шабуылына дайындалуда: 4 миллионнан астам адам жұмылдырылды





