Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
© Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан дзюдодан Ордос қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады. Жарыс бағдарламасының соңғы күні аралас командалар арасында сайыс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Қазақстан құрамасы Моңғолиямен кездесті.Қарсылас команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде Дана Әбдірова (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Аида Тойшыбекова (70 келіден жоғары) және Ғалымжан Қырықбай (90 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін алты жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аруна Жангельдина (78 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін қазақстандық боксшылар Бразилияда өтетін бокстан Әлем кубогына аттанғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 25 маусым 2026
Елдос Сметов оралды: Олимпиада чемпионы Қытайдағы турнирде ел құрамасын бастап шығады
-
22:12, 25 маусым 2026
Бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы Азияның командалық чемпионаты: Қазақстан құрамасы белгілі болды
-
19:29, 25 маусым 2026
Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатындағы екінші жүлдесін жеңіп алды
-
17:30, 25 маусым 2026
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Almaty Open турниріне қатысады
-
10:38, 25 маусым 2026
ХОК тарихи шешім қабылдады: Олимпиада қатысушыларына 10 мың доллардан грант беріледі





