Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатындағы екінші жүлдесін жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Юлия Ли Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жастар санатында сынға түскен спортшы XCO дисциплинасында қола медаль жеңіп алды. Юлия Ли жарыс жолын 1:24:10 уақытта аяқтап, үздік үштікке енді.
Алтын медальді қытайлық Ван Тин жеңіп алды. Күміс жүлдеге оның отандасы Гун Сыин ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Ли Азия чемпионатында XCC дисциплинасында да қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 25 маусым 2026
Елдос Сметов оралды: Олимпиада чемпионы Қытайдағы турнирде ел құрамасын бастап шығады
-
22:12, 25 маусым 2026
Бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы Азияның командалық чемпионаты: Қазақстан құрамасы белгілі болды
-
17:30, 25 маусым 2026
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Almaty Open турниріне қатысады
-
10:38, 25 маусым 2026
ХОК тарихи шешім қабылдады: Олимпиада қатысушыларына 10 мың доллардан грант беріледі
-
21:20, 24 маусым 2026
Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық қыздар қола медаль еншіледі





