Қазақстандағы этномәдени бірлестіктерге Конституцияның арнайы басылымдары берілді

18:15, 26 маусым 2026

© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Биылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енеді.

Осы тарихи дата қарсаңында Алматы қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне Мемлекет басшысы жолдаған жаңа Конституцияның арнайы басылымдарын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға қатысушылардың әрқайсысына Президенттің хаты мен Конституция данасы ұсынылды. Өз хатында Мемлекет басшысы жемісті еңбегі және Әділетті Қазақстанды құруға қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығын білдірген.

"Конституцияда бекітілген мызғымас құндылықтар ел игілігін арттырып, қоғамның тұрақты дамуына жол ашады деп сенемін. Мемлекетіміз нығайып, қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!" – делінген Президент хатында.

Жиында Үкімет басшысының орынбасары Ата Заңда Қазақстан қоғамының іргелі құндылықтары көрініс тапқанын атап өтті.

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктерге Конституцияның арнайы басылымдары берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 18:15

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Конституцияның преамбуласында бүкіл қоғам үшін айрықша мәнге ие негізгі құндылықтар мен ұстанымдар айқындалған. Олардың қатарында Әділетті Қазақстан идеясы, "Заң мен тәртіп" қағидаты, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау, ел бірлігі мен қоғамдық ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім бар. Бұл құндылықтар бейбітшілік, сыйластық пен қоғамдық сенім орнықты дамудың берік негізіне айналған еліміз үшін ерекше маңызды. Конституция мемлекеттік институттарға ғана емес, әрбір азаматқа, әрбір қоғамдық бірлестікке, өзінің адал еңбегімен және белсенді қызметімен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген барша қауымға арналған", – деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Аида Балаева "Қазақстан Халық Кеңесі" консультативтік-кеңесші институтының құрылуына да арнайы тоқталды. Оның құрамының үштен бірін еліміздің этномәдени бірлестіктерінің мүшелері құрайды. Қалған орындар коммерциялық емес ұйымдар мен мәслихат өкілдері арасында теңгерімді түрде бөлінеді.

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктерге Конституцияның арнайы басылымдары берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 18:15

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Қазақстан Халық Кеңесі халық үніне құлақ асатын әрі Әділетті мемлекет қағидаттарына негізделген сындарлы қоғамдық диалогты қалыптастыруға ықпал ететін мүлде жаңа әрі бірегей институт болмақ.

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктерге Конституцияның арнайы басылымдары берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 18:15

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, 15 наурызда өткен республикалық референдумда Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа редакцияда Әділетті Қазақстанның негізгі құндылықтары мен "Заң мен тәртіп" қағидаты бекітіліп, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері күшейтілді. Құжаттағы басты жаңашылдықтардың қатарында бір палаталы Парламент – Құрылтайдың және Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!