Головкин мен Рудковская Софья Самоделкинаны жеңісімен құттықтады
© Сурет: Instagram/sofyasamodelkina
8 қарашада Қазақстан боксының аңыз тұлғасы Геннадий Головкин мен продюсер Яна Рудковская отандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаны ISU Гран-приінің төртінші кезеңінде қол жеткізген екінші үздік нәтижесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Самоделкина 2024 жылы Қазақстан атынан өнер көрсету үшін рұқсат алып, қыркүйек айының басында екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенконың "Ангелы Плющенко" академиясынан кеткенін еске саламыз. Сол кезде Софияның Яна Александровна Рудковская мен Евгений Викторович Плющенкомен ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты ары қарай жалғастырады беретіндігі туралы шешімі жарияланды.
Жапон мұз айдынында жеңіске қол жеткізген Самоделкинаның Instagram-дағы парақшасында аталған адамдар жазба қалдырып, оны құттықтады. Головин мен Рудковскаяның құттықтаулары қысқа-нұсқа болған.
Сурет: Instagram/sofyasamodelkina
Қазіргі уақытта Самоделкина Алматы қаласында орналасқан Қазақ дене шынықтыру, туризм және сервис колледжінің студенті. Ал Қазақстан азаматтығын таңдау оның анасы Марина Крылованың Алматы облысының Ұзынағаш ауылында туып, 20 жылға жуық Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұруымен байланысты болды.
Бұған дейін Елена Рыбакина сенсация жасап, WTA Қорытынды турнирінде жеңіске жеткенін жазғанбыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 25 маусым 2026
Елдос Сметов оралды: Олимпиада чемпионы Қытайдағы турнирде ел құрамасын бастап шығады
-
22:12, 25 маусым 2026
Бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы Азияның командалық чемпионаты: Қазақстан құрамасы белгілі болды
-
19:29, 25 маусым 2026
Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатындағы екінші жүлдесін жеңіп алды
-
17:30, 25 маусым 2026
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Almaty Open турниріне қатысады
-
10:38, 25 маусым 2026
ХОК тарихи шешім қабылдады: Олимпиада қатысушыларына 10 мың доллардан грант беріледі





