Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады

17:05, 4 шілде 2025

© Фото: zakon.kz

Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаһандық теннис жұлдызы, әлемнің экс-бірінші ракеткасы, US Open-2021 чемпионы, Аустралия ашық чемпионаттарының финалисі (2021, 2022, 2024), 2020 жылғы ATP қорытынды турнирінің жеңімпазы, жекелей сында 20 ATP жарысында үздік шыққан, 2021 жылғы Дэвис және ATP кубогының иегері Даниил Медведев Алматы қаласында 11-19 қазанда өтетін Almaty Open ATP 250 додасына қатысатынын растады.

 

"Медведевтің қатысуы жарыс деңгейін көтеріп, оны маусымның ең маңызды оқиғаларының қатарына қосады. Қазақстандық жанкүйерлер қазіргі заманғы теннистің ең жарқын өкілдерінің бірінің ойынын көзбе-көз тамашалауға мүмкіндік алып отыр", - деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Даниил Медведев Қазақстанды жылы еске алады. Ол 2022 жылы Астанада ATP 500 турнирінде өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Онда матчболдары бола тұра, болашақ чемпион Новак Джоковичке жол берді. Ал жасөспірім кезіндегі алғашқы титулын Өскеменде жеңіп алды, бұл оның кәсіби теннистегі үлкен жолының бастауы болды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!