Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды
© Сурет: Instagram/globesoccer
28 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) Globe Soccer Awards беделді сыйлығы 2025 жылдың үздік ойыншысын анықтайды. Бұл жүлдені тапсырмастан 40 күн бұрын оған лайықты адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл сайын табысталатын сыйлықты ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, биылғы жылы марапатқа 25 адам үміткер және олардың барлығы әлемдік футболдың жарқын тұлғалары: Усман Дембеле, Дезире Дуэ, Ашраф Хакими, Хвича Кварацхелия, Нуну Мендеш, Фабиан Руис және Витинья (барлығы - ПСЖ), Джанлуиджи Доннарумма, Эрлинг Холанд (екеуі де "Ман Ситиден"), Виктор Дьокереш, Деклан Райс (екеуі де "Арсеналдан"), Александер Исак, Флориан Виртц, Мохамед Салах (барлығы - "Ливерпуль"), Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе (екеуі де "Реалдан"), Гарри Кейн, Майкл Олисе (екеуі де "Бавариядан"), Роберт Левандовски, Рафинья Диас, Ламин Ямаль, Педри (барлығы - "Барселона"), Лаутаро Мартинес ("Интер"), Скотт Мактоминей ("Наполи") және Коул Палмер ("Челси").
Ең мықты ойыншымен қатар жылдың үздік бапкері де анықталады, бұл тізімде көп жылдық тәжірибесі бар беделді мамандар бар: Хаби Алонсо ("Реал"), Микель Артета ("Арсенал"), Антонио Конте ("Наполи"), Луис Энрике (ПСЖ), Ханс-Дитер Флик ("Барселона"), Эдди Хау ("Ньюкасл"), Венсан Компани ("Бавария"), Энцо Мареска ("Челси"), Роберто Мартинес (Португалия құрамасы) және Арне Слот ("Ливерпуль").
2024 жылғы үздік футболшы болып бразилиялық Винисиус атанған, ал мықты бапкер ретінде Карло Анчелотти ("Реал") танылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 24 қараша 2026
Қазақстан қысқа қашықтықта жүзуден әлем чемпионатына қатысады
-
19:38, 24 қараша 2026
Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының финалында бақ сынайды
-
19:03, 24 қараша 2026
Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
-
13:44, 24 қараша 2026
Чемпиондар лигасының басты фавориты анықталды
-
10:49, 24 қараша 2026
Алты нәтижелі пас пен 17 соққы: «Құлагер» қорғаушысы аптаның үздік ойыншысы атанды





