Боксшы Ертуған Зейнуллинов Астанадағы Әлем кубогының ширек финалында жеңіске жетті

21:36, 4 шілде 2025

© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Ертуған Зейнуллинов елордадағы Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.

Ертуған жартылай финалға шығу үшін франциялық Уго Граумен өзара мықтыны анықтады.

Франция өкілі бірінші раундта басымдық танытты. Алайда, Ертуған Зейнуллинов жекпе-жектің екінші және үшінші бөлімінде керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз Әлем кубогының қола медалін қоржынға салды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!