Елбасы мемлекеттік күзет қызметінің 25 жылдығына арналған салтанатты кешке қатысты

21:39, 21 сәуір 2017

«Қазақстан» Орталық концерт залында өткен шара таяуда аяқталды.

Сәкен Сейітқанұлы, тілші:

Мемлекеттік күзет қызметінің ширек ғасырына арналған мерекелік кеш патриоттық ән мен күйге толы болды. Жіліктеп айтсам  шараның шымылдығы «Кең дала» әнімен түрілді. Әрмен қарай «Халық күйі», «Ағажан-ай» шығармаларымен өрілді. Концерттің ерекшелігі сол шырқалған ән мен домбыра шанағынан төгілген күйлердің дені жаңа. Мәселен «Менің елім, менің жерім», «Қалқан» әндерінің тұсауы кесілді деп айтсақ артық болмайды. Кеш соңы Президент оркестрінің орындауындағы «Нұр Астана» әнімен қорытындыланды. Жиылғандар өнерпаздарға қошемет, шат-шадыман күйге бөленді. Олар шара соңында шаттық көңілін бізбен бөлісті. Қазіргі күзет қызметінің абыройлы жұмысын да тілге тиек етті. Дәл қазір біздің режисерлар Мемлекеттік күзет қызметінің ардагері Оңғарбай Қаташевтің сұхбатын қосады. Тыңдап көрейік. 

Оңғарбай Қаташев, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагері:

Қазіргі кезде қызметтерде көп материалдық техникалық база дейміз ғой, Елбасының тарапынан үлкен көңіл бөлінеді. Ең жаңа техникалар мемлекеттік күзет қызметінің қарамағында. Мен кезінде санитарлы қызмет, санитарлы бақылау дегеннің өзім куәсі болдым. Өйткені Израиль бұл салада алда келе жатқан мемлекет. Солардың несін алған кезде, Ресей мемлекетінде ондай құралдар болмаған. 

Сәкен Сейітқанұлы, тілші:

Айта кетейік, мемлекеттік күзет қызметі жоғары лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мемлекетік нышандар мен маңызы бар нысандарды қорғайды. Шыныққан, ысылған арнайы жасақ ширек ғасырда жүктелген міндеттерді мінсіз орындаған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!