Жұмада елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 26 маусымда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 26 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт каупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, тұман, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-бастыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:06, 25 маусым 2026
Ақтөбеде әскери қызметтен босатуға уәде берген алаяқ әшкереленді
-
20:48, 25 маусым 2026
Кирилл Герасименко АҚШ-тағы беделді үстел теннисі турнирінде өнер көрсетеді
-
20:12, 25 маусым 2026
Петропавлда заңсыз еңбек мигранттарын пайдаланғандар әшкереленді
-
19:29, 25 маусым 2026
Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатындағы екінші жүлдесін жеңіп алды
-
19:18, 25 маусым 2026
Тоқаев Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады





