ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды
© Фото: Национальный центр тестирования
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлер мен олардың ата-аналарына ҰБТ сертификатына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталықтың 2026 жылғы 25 маусымдағы мәліметінше, ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес.
"Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR-код бар. Сонымен қатар ҰБТ сертификаты ресми құжат болып саналады және оны қолдан жасау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығы.
Ведомство өкілдері сертификатты қолдан жасауға қатысты барлық әрекет құқық қорғау органдарына жолданып, заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Сондай-ақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына ҰБТ сертификатын app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттен, certificate.testcenter.kz порталынан және eGov электрондық үкіметі арқылы алуға болатыны еске салынды.
Бұдан бөлек, Ұлттық тестілеу орталығы емтихан кезінде микроқұлаққаптар, жасырын камералар және ақпаратты жасырын түрде алуға арналған өзге де арнайы техникалық құралдарды пайдаланудың заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.
"Құрметті талапкерлер! Заңды бұзуға бағытталған кез келген әрекеттен бас тартуға шақырамыз. Адал еңбек пен әділдік сіздерді әлдеқайда үлкен жетістікке жеткізетініне сенімдіміз", – делінген орталықтың үндеуінде.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 22 маусымда негізгі ҰБТ-ның алты аптасының қорытындысы бойынша аралық нәтижелер жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:46, 25 маусым 2026
Сәтбаевта қаржылық қауіпсіздікке арналған форум өтті
-
11:38, 25 маусым 2026
ІІМ: «Автобус» іс-шарасы кезінде 22 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
-
11:12, 25 маусым 2026
25 маусымдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:08, 25 маусым 2026
Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді
-
10:57, 25 маусым 2026
Өскеменде жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды





