Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдауда журналистердің рөлін жоғары бағалады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде журналистердің конституциялық реформаны түсіндіру және жаңа Конституцияны қабылдау үдерісіндегі еңбегін ерекше атап өтті.
Президенттің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары – ұлттың үні әрі қоғамның айнасы. Елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістердің мәні мен маңызын халыққа да, халықаралық қауымдастыққа да ең алдымен отандық медиа жеткізеді.
"Қазақстан журналистері бұл жауапкершілікті терең сезініп, кәсіби міндеттерін жемісті атқаруда. Жалпыұлттық референдум кезінде халық мемлекеттің келешегін айқындайтын тарихи таңдау жасады. Жаңа Конституцияны әзірлеу мен қабылдау барысында медиа саласы мамандары маңызды рөл атқарды", – деді Президент.
Мемлекет басшысы журналистер Конституциялық комиссияның жұмысы туралы сапалы ақпарат таратып, Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіруге үлес қосқанын айтты. Оның сөзінше, тікелей эфирлер, сараптамалық материалдар мен сұхбаттар қоғамда кең ауқымды пікірталас қалыптастыруға ықпал еткен.
Сондай-ақ Президент кәсіби журналистиканың басты өлшемі жасанды даңғаза емес, өзекті мәселені терең меңгеріп, оны жан-жақты талдай білу екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия құрамында БАҚ өкілдері де болғанын еске салып, журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деуге толық негіз бар екенін жеткізді.
" Сондықтан журналистер қауымын жаңа Ата заңымыздың тең авторларының бірі деп айтсақ, қате болмайды", – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, жаңа Ата заң – халқымыздың темірқазығы, әділетті қоғамның мызғымас тұғыры және орнықты дамудың берік кепілі.
"Негізгі құжатта еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту басты қағидаттар ретінде бекітілді, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда білім мен ғылымды, инновацияны және адам капиталын дамыту стратегиялық бағыт ретінде айқындалғанын атап өтті. Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыру, жасампаз отаншылдық пен еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне басымдық берілгенін айтты.
Президенттің сөзінше, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция заңды күшіне еніп, Қазақстан түбегейлі жаңа даму кезеңіне қадам басады.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздікті сақтау мен нығайту – қазіргі және келер ұрпақ алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі екенін ерекше атап өтті.
"Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қастерлі құндылық. Ал оны сақтап, елімізді одан әрі дамыту үшін қоғамымызда татулық пен тұрақтылық болуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент әділеттілік ұғымы еңбекқорлықпен тығыз байланысты екенін айтып, мемлекеттің басты тұғыры әділеттілік екенін жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:49, 25 маусым 2026
Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары кеңейтіліп келеді
-
14:35, 25 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысатынын мәлімдеді
-
14:20, 25 маусым 2026
Президент қазақстандық телевизияның 106 жастағы аңыз тұлғасын ерекше атап өтті
-
14:04, 25 маусым 2026
Президент тапсырмасымен аймақ тілшілері баспаналы болады
-
14:02, 25 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-тың ағартушылық миссиясын атап өтті





