Қазақстанда электромобильдерге бөлек мемлекеттік нөмірлер беріледі
© Сурет: unsplash
Президент электромобильдерге арналған арнайы мемлекеттік нөмірлерді айналымға шығаруды үндейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңашылдық цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңынан көрініс тапты. Тиісті норма осы заңның 70-бабына енгізілген.
Жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлердің түсі мен дизайны заңның өзінде көрсетілмеген, оларды ішкі істер министрлігі қосымша нормативтік-құқықтық актілер арқылы айқындайды.
2026 жылдың мамырында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов министрліктің бұл мәселеде халықаралық тәжірибеге сүйенетінін, электрмобильдердің мемлекеттік нөмірлік белгілері әлемдік жалпы қабылданған тәжірибеде жасыл түспен боялатынын айтқан еді.
Мұндай белгілер Қытайда, Норвегияда, Канадада, Польшада және Беларусьте де қолданылады.
Норманың қабылдану себебі жол камералары мен автоматтандырылған жүйелер электромобильді ішкі жану қозғалтқышы бар қарапайым көліктен ажырата алмайды. Соның салдарынан тегін тұрақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру және зарядтау орындарын пайдалану секілді жеңілдіктерді беру барысында қиындықтар туындайды.
Арнайы белгі электромбильді автоматты түрде, инспектордың қатысуынсыз және қосымша тексерулерсіз анықтауға мүмкіндік береді.
Ішкі істер министрлігі заң күшіне енген сәттен бастап жаңа нөмірлік белгілер берілгенге дейін шамамен алты ай өтетінін ескертті.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың мамыр айының басында Қазақстанда 24 мыңнан астам электрмобиль тіркелген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:07, 24 маусым 2026
«Заң мен тәртіп»: Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті
-
21:35, 24 маусым 2026
Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылып қалды
-
21:20, 24 маусым 2026
Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық қыздар қола медаль еншіледі
-
20:42, 24 маусым 2026
Алматыда бүгіннен бастап бірден 12 автобустың қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілді - тізім
-
20:33, 24 маусым 2026
«Дауыл, жаңбыр, бұршақ». Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды





