«Заң мен тәртіп»: Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті
© Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Орал қаласында "Заң мен тәртіп" идеологемасы аясында "Адам өмірі мен денсаулығы – баға жетпес байлық" тақырыбында ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шараға 400-ден астам батысқазақстандықтар қатысып, есірткіге қарсы күрес пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдады.
Іс-шараға "Орал студенттер Альянсы" корпоративтік қоры, "Жастар Рухы" жастар қанаты, Батыс Қазақстан облысының Оқушылар альянсы және "Есірткісіз Қазақстан" жалпыұлттық қозғалысының өкілдері белсенді қатысты.
Кеш барысында есірткі қылмысының алдын алу бағытында нәтижелі еңбек етіп жүрген волонтерлер марапатталып, жастар қоғамды жауапкершілікке, саналы өмір салтына және дұрыс таңдау жасауға үндейтін ұрандарын жолдады.
Шараның арнайы қонақтары BIGBAN & Tuniya өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кештің көркін қыздырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:31, 24 маусым 2026
Қазақстанда электромобильдерге бөлек мемлекеттік нөмірлер беріледі
-
21:35, 24 маусым 2026
Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылып қалды
-
21:20, 24 маусым 2026
Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық қыздар қола медаль еншіледі
-
20:42, 24 маусым 2026
Алматыда бүгіннен бастап бірден 12 автобустың қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілді - тізім
-
20:33, 24 маусым 2026
«Дауыл, жаңбыр, бұршақ». Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды









