Сауд Арабиясында су тасқыны болып жатыр

09:58, 21 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

20 қыркүйекте 700 мың тұрғыны бар Тайф қаласын су алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатты жауған бұршақ пен жаңбырдан кейін жойқын су тасқыны басталды.

Бірнеше күн ішінде қала көшелерін басқан су өзен құсап дүркіреп ағып жатыр. Елде қыркүйек айының басында басталған жаңбыр әлі тоқтаусыз жауып, айналаны талқандауда.