«Семей орманы» табиғи резерватында тағы да орманды тонау фактісі анықталды

20:33, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

"Семей орманы" МОТР" РММ аумағында рейдтік іс-шаралар барысында резерваттың мемлекеттік инспекторлары Абай облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп ағаштарды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2024 жылдың 19 қыркүйегінде "Семей орманы" МОТР" РММ Семей филиалының Талица орманшылығының аумағында өртенген ағаштарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде рұқсатсыз дайындалған кәсіптік ағаштың сүректері табылып, жауапты тұлға анықталды. Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылы 11 шілдеде "Семей орманы" филиалының директоры ұсталғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!