Жетісу облысының прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады

12:26, 11 қыркүйек 2024

© Сурет: freepik

Жетісу облысының прокуратурасы Еңбек мобильділігі орталығы КММ кәсіпкерлерге бизнес-идеяларды жүзеге асыруға грант бөлу кезінде есеп беру мерзімін негізсіз белгілегенін анықтады.

Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларының 24-тармағына сәйкес гранттың мақсатты пайдаланылуы үшін грант алушы 12 ай ішінде тоқсан сайын есеп тапсырады.

Гранттарды бөлу туралы келісімдерде уәкілетті орган Орталықтың сұрауы бойынша грант алушыға көрсетілген мерзімдердің орнына бес күн ішінде грантты нысаналы пайдалану туралы ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы міндеттер қарастырған.

Нәтижесінде уәкілетті органның кәсіпкерлерден қажетсіз есептерді ауызша сұрауының заңсыз тәжірибесі қалыптасқан.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес заңсыз талаптар шарттан алынып тасталды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін аумақтық еңбек мобильділігі Орталықтарының 4 басшысы мен 3 маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, прокуратура ісін жаңа бастаған 171 кәсіпкердің құқығын қорғады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!