Президент: «Астана» халықаралық қаржы орталығы герман компанияларына көмектесе алады

© Сурет: Ақорда
16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Германия" бизнес форумында сөйлеген сөзінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы герман компанияларына жаңа серіктестік құру мүмкіндіктерін іздеуге көмектесе алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір АХҚО инвестициялар, инновациялар және қаржы қызметтері тоғысқан бірегей өңірлік орталыққа айналды. Франкфурт, Лондон, Дубай, Нью-Йорк және Сингапурдағы жетекші халықаралық қаржы орталықтарының барлық артықшылығын мұнда да пайдалануға болады. Біздің Орталық инвестиция тарту үшін салық, виза және еңбек саясаты жағынан бұрын-соңды болмаған қолайлы шарттар мен жеңілдіктер ұсынады. Әр инвесторға жеке қолдау көрсетіледі. Британия заңнамасына негізделген әділ сот жүйесі жұмыс істеп тұр. "Астана" халықаралық қаржы орталығында 80 елден үш мыңға жуық компания тіркелген. Соның 20 компаниясы – германиялық. Олардың саны жуық арада тағы да өседі деп үміттенеміз", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бүгінгі кездесу айтарлықтай нәтиже беріп, Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдету үшін маңызды қадам болатынына сенім білдірді.
Бұған дейін Президенттің Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездескені хабарланған. Ал бірер минут бұрын "Қазақстан – Германия" бизнес форумы басталып кеткені белгілі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы өзара ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағытына тоқталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 23 маусым 2025
Иран АҚШ-тың Қатар мен Ирактағы әскери базаларын атқылады
-
22:35, 23 маусым 2025
ҰБТ кезінде 400-ден астам бұзушылық тіркелді
-
21:54, 23 маусым 2025
«Ауа райы күрт бұзылады». Сейсенбіде еліміздің 18 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:34, 23 маусым 2025
«Шашынан сүйреп, басынан ұрған»: Павлодарда балабақша тәрбиешісінің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты
-
20:42, 23 маусым 2025
+40°C: «Қазгидромет» сейсенбіде қай өңірлерде аптап ыстық болатынын айтты