«Ойбай, Елдос Сметов!». Олимпиада чемпионы чат-рулетканы пайдаланып көрді
© Сурет: видеодан алынды
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов "Қызық Times" бағдарламасында қонақта болып, теле жүргізушілермен бірге чат-рулетканы сынап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тікелей эфирге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі жастар кезек-кезек қосылды. Баса айта кетер жайт, үлкенінен кішісіне дейін барлығы дерлік чемпионды таныды.
"Құтты болсын, брат!", деп кейбірі бір көргеннен оны құттықтап жатса, кейбірі таңданысын жасыра алмай: "Сізді мұннан көремін деп ойламаппын", - деді ашыла. Тіпті, бір кішкентай бала: "Ойбай, Елдос Сметов", деп оны көргеніне қатты қуанып, қос қолымен санын шапақтады.
Қыздар қауымы Сметовты көрген бойда: "Бұл мамасының баласы емес пе", деп шуласты.
Спортшы "қандай мамасы" деп сөздерін түсінбегенін айтты. "Мамасының баласы" дегенім жоқ, анаңызбен бірге шықтыңыз ғой, соны айтып жатырмын", - деді. Осылайша жастар жағы Олимпиада чемпионын танитынын, оның әрбір әрекетінен хабардар екенін білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





