Президент: «Астана» халықаралық қаржы орталығы жаңа серіктестік құру мүмкіндіктерін іздеуге көмектесе алады

© Сурет: Ақорда
16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Германия" бизнес форумында сөйлеген сөзінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы герман компанияларына жаңа серіктестік құру мүмкіндіктерін іздеуге көмектесе алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір АХҚО инвестициялар, инновациялар және қаржы қызметтері тоғысқан бірегей өңірлік орталыққа айналды. Франкфурт, Лондон, Дубай, Нью-Йорк және Сингапурдағы жетекші халықаралық қаржы орталықтарының барлық артықшылығын мұнда да пайдалануға болады. Біздің Орталық инвестиция тарту үшін салық, виза және еңбек саясаты жағынан бұрын-соңды болмаған қолайлы шарттар мен жеңілдіктер ұсынады. Әр инвесторға жеке қолдау көрсетіледі. Британия заңнамасына негізделген әділ сот жүйесі жұмыс істеп тұр. "Астана" халықаралық қаржы орталығында 80 елден үш мыңға жуық компания тіркелген. Соның 20 компаниясы – германиялық. Олардың саны жуық арада тағы да өседі деп үміттенеміз", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бүгінгі кездесу айтарлықтай нәтиже беріп, Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдету үшін маңызды қадам болатынына сенім білдірді.
Бұған дейін Президенттің Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездескені хабарланған. Ал бірер минут бұрын "Қазақстан – Германия" бизнес форумы басталып кеткені белгілі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы өзара ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағытына тоқталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 17 наурыз 2025
Көктем басталып, Қазақстанда коронавирус қайта бой көрсете бастады ма
-
22:48, 17 наурыз 2025
Полиция майоры қаза тапты: Петропавлда жолдағы қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берілді
-
21:28, 17 наурыз 2025
ХОК боксты 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосуды ұсынды
-
21:22, 17 наурыз 2025
Спорттық жүрістен АЧ-2025: Қазақстандық жеңіл атлеттер екі медаль иеленді
-
21:14, 17 наурыз 2025
Қазақстанды көлікпен араламақ болған шетелдік турист батпаққа батып қалған