БЖЗҚ Қазақстан азаматтарына ескерту жасады

20:31, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: pexels

16 қыркүйекте Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры (БЖЗҚ) алаяқтар туралы ескертіп, салымшыларға ескерту жасады. Қаскөйлер қор атынан хабарласып, жұртты шатастырып жатқан жайы бар екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті "БЖЗҚ" АҚ салымшылары! Соңғы уақытта біздің қордың салымшыларына қатысты алаяқтық әрекеттер орын алуда. Күннен-күнге әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда", делінген БЖЗҚ-ның ескерту хабарламасында.

Сондай-ақ қордағылар белең алған алаяқтық түрінен де мынандай бірер мысал келтіреді:

"2024 жылы 3 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ облыстық филиалдарының біріне көп ұйымдардың бірінің есепшісі транзиттік шоттардың бұғатталуына байланысты компания қызметкерінің зейнетақы шотын бұғаттау туралы ақпаратпен "Қор қызметкерінен" қоңырау шалынғаны туралы хабарламамен жүгінді. Бұғаттауды жою үшін есепшіге "сот орындаушысымен" туындаған мәселені шешу үшін хабарласу керектігі туралы талап қойылады. "Сот орындаушысы" өз кезегінде есепшіге берешек соманы өзі көрсеткен шотқа аударуды ұсынады. Бұл әрекет орындалмаған жағдайда компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін айыппұл салынатыны ескертіледі. Өз кезегінде "БЖЗҚ" АҚ филиалының қызметкерлері бұл жағдайды саралағаннан кейін, есепшіге ақша жібермеу туралы кеңес берді".

Қордың қауіпсіздік департаменті тиісті ақпаратты алғаннан кейін қоңырау шалынған ұялы телефондардың нөмірлерін тексерді. Ашық көздерден бұл нөмірлер "И. Ю." деген бөтен біреудің атына тіркелгені және "алаяқтық" деп белгіленгені анықталды.

Қор мен оның филиалдары туралы статистикаға сүйене отырып, соңғы кездері алаяқтардың азаматтарды телефон байланысы арқылы алдаудың жаңа амалдарын ойлап тапқандары белгілі болды. Себебі, телефон қоңыраулары - күтпеген жерден кездейсоқ болған оқиғадан әбігерге түскен адамнан құпия ақпаратты алудың немесе оны алаяқтың шотына ақша аударуға мәжбүрлеудің ең көп таралған тәсілдерінің бірі.

Жоғарыдағы жағдайларды ескерсек, БЖЗҚ қызметкерлерінен күдікті қоңыраулар, SMS және мессенджерлер арқылы хабарламалар түскен жағдайда төмендегіні есте сақтауды ұсынамыз:

  • зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен мерзімділігін "БЖЗҚ" АҚ емес, салық органдары бақылайды;
  • БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан қаражатты белгілі бір шоттарға аударуды талап етпейді және дербес немесе өзге де деректерге сұрау салмайды.

Сондай-ақ, мына жәйттарды да ұмытпаңыздар:

  • күдікті/бейтаныс нөмірлерден хабарлама алған кезде көрсетілген нөмірлерге қайта қоңырау шалудың қажеті жоқ;
  • күдік тудыратын белгісіз нөмірден кіріс қоңырау алған жағдайда, әңгімелесуші өзінің шынайылығына сенімділік тудырса да, әңгімені дереу тоқтату керек;
  • күдікті хабарламаларды алған кезде - ешбір жағдайда көрсетілген сілтемелер бойынша өтуге және оларды өзектендіруге болмайды;
  • өздерін қор қызметкерімін деп таныстыратын күдікті адамдармен телефон арқылы сөйлесуден бас тартып, әңгімені дереу үзу қажет;
  • қаржы ұйымдарының жеке кабинеттерінде банк карточкаларының құпиясөздерін үнемі ауыстырып отыру керек;
  • қаржылық және зейнетақы қызметтерін алуға көмектесуге уәде беретін делдалдардың қызметтеріне еш уақытта жүгінбеңіз. Өйткені, осындай әрекет арқылы сіз бейтаныс адамдарға дербес деректеріңізді олардың арам пиғылдары үшін пайдалануына жол ашасыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!