Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, оның екеуі – бала
© Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
16 қыркүйекте кешке "Торғай-Арқалық" тас жолының 17-ші шақырымында Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылының маңында Lexus пен ГАЗель автокөліктері соқтығысты. Салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай облыстық полиция департаменті төрт адамның өліміне әкеліп соққан аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Екі көлік те Арқалық қаласына қарай бағыт алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі алдындағыны басып озу кезінде рөлге ие бола алмай екінші көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі және екі бала алған жарақаттарынан қаза тапты. Сол көлікте болған тағы бір жолаушы ауруханада жан тапсырды".Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді ЖҚЕ талаптарын ескеруге, атап айтқанда жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтауға шақырады.
Айта кетсек, 15 қыркүйекте таңертең Алматыда көлік шұңқырға аударылып, жүргізуші мен 15 жасар жасөспірім ауруханаға түсті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





