Чэндудағы АТР 250 турнирі: Бейбіт Жұқаев испандық қарсыласын жеңді

19:34, 17 қыркүйек 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев (197 АРТ) 17 қыркүйекте Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан АТР 250 халықаралық теннис турнирінің іріктеу ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу ойындарының алғашқы матчында қазақстандық испандық Моро Каньясты (153 АТР) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

Турнир жарысына жолдама алу үшін енді Жұқаев аргентиналық Агустин Гомеспен (174 АТР) өзара бақ сынасуы керек болады.

Бұған дейін Ханчжоуда ATР 250 санатындағы турнирдің іріктеу ойындары өтіп жатқандығы хабарланған болатын. Отандық теннисші Денис Евсеев (207 АТР) америкалық Райли Опелканы (308 АТР) 7:6 (7:4), 4:6, 6:3 есебімен жеңді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!