Жерде магниттік дауыл жүріп жатыр

11:44, 29 маусым 2024

© Сурет: pixabay

29 маусымда түнде Жерде магниттік дауыл басталды. Оның өрісі түске дейін өршіп, одан кейін ақырындап басылатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік қолданбалы геофизика институтының ғарыштық ауа райын бақылау орталығы сайтында магниттік дауыл G1 деңгейін қамтитыны жазылған.

G1 деңгейіндегі магниттік толқынның әсері әлсіз болып саналады. Дегенмен мамандар 1 шілдеден бастап Жердегі магниттік толқын қайта күш алуы ықтимал екенін ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!