Ресейде «диверсия жасады» деген айыппен Қазақстанның қос азаматы 13 жылға сотталды

18:07, 1 шілде 2024

© Сурет: freepik

Мәскеу қалалық соты Қазақстанның екі азаматы Александр Абрам мен Эдуард Бурдиловты 13 жылға бас бостандығынан айырды. Оларға теміржолға диверсия жасады деген айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 281-бабы, 2-бөлігінің "а" тармағы бойынша кінәлі деп танылды ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы немесе ұйымдасқан топпен жасалған диверсия"), делінген Мәскеу қалалық сотының хабарламасында.

Абрам алғашқы төрт жылын, Бурдилов бес жылын түрмеде өткізеді. Мерзімнің қалған бөлігін сотталғандар қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Олар 2023 жылдың 22 маусымында ұсталды. Істің басқа мәліметтері жария етуге жатпайды. Абрам мен Бурдилов өздеріне қатысты шығарылған сот үкіміне қарсы шағымдануға ниетті.

"Ресей темір жолдары" ААҚ-тың азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды", делінген сот хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!