Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес жас турист табылды

09:59, 1 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

1 шілде күні таңертең Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес турист құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Оларды іздестіру операциясы Қарасай ауданының "Девичьи слёзы" сарқырамасының маңында жүргізілген.

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа аса созылды. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес жас турист құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 09:59

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, 29 маусым күні Алматы облысында тауда адасып кеткен Ұлыбритания азаматы табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!