Ош-Баткен тас жолындағы көпір құлады

10:13, 1 шілде 2024

© Сурет: kaktus.media

30 маусымда Ош облысы Ноокат ауданының Көкжар айыл өңірінде көпір құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан ТЖМ Instagram парақшасында хабарлағандай, Ош-Раззаков автожолының 63-ші шақырымындағы "Найман" көпірі сел салдарынан қираған. Көпірдің құлауы сел салдарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде орын алды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


30 маусымда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен Қырғыз Республикасының Ош қаласына біздің азаматтарымызды эвакуациялау және қаза тапқандардың денелерін елімізге тасымалдау үшін ұшып келді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!