Алматы тұрғындарына нөсер жауын туралы ескертілді

11:50, 1 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

1 шілдеде сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін Алматыда жаңбыр жауатыны, ал таулы аймақтарда нөсер болатыны ескертілді. Осыған байланысты қала әкімдігі жауын-шашын басталған кезде пайдалануға болатын 465 арнайы техника дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың коммуналдық қызметі тас-түйін дайын. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және судың кедергісіз ағып кетуі үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,5 мың қап құм дайындалды.

Күндізгі уақытта жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы жұмылдырылады.

"Қазгидромет" РМК-ның дерегі бойынша 30 маусымда қалада 11 мм-ге дейін жауын-шашын, ал Кіші Алматы шатқалында 28 мм-ге дейін жауған қатты жаңбырдан кейін маусым айындағы жауын-шашынның жартысына жуығы (59 мм) түсіп, қатты желдің салдарынан құлаған бұтақтармен, қоқыс, лаймен бітелген арық желілері мен жол астындағы өткелдер 320 жұмысшының және 92 бірлік арнайы техниканың күшімен тазартылды. Түнгі уақытта 210 м3 қоқыс шығарылды. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауа-райының бұзылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауға баруды қоя тұру ұсынылады. Жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз.

"Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!