Ақтауда скейтбордпен баланы қаққан ер адам сотталды

18:32, 1 шілде 2024

© Сурет: pexels

Ақтау қалалық сотында баланы қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталушыға абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру айыбы тағылған.

Сотта 2024 жылы 17 сәуірде сағат 18.00 шамасында 6-ықшам ауданындағы №36 үйдің жанында, жаяу жүргіншілерге арналған жолақта электрлік скейтборд мінген ер адам техникалық талаптарды сақтамай, кәмелет жасқа толмаған жәбірленуші Б.-ны қағып, оның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтiргені анықталды. Дәрігер диагнозы: жабық бассүйек-ми жарақаты, күмбез сүйегінің сынуы, мидың шайқалуы.

Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі сотталушыны заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартуды сұрады.

"Соттың үкімімен сотталушыға жаза тағайындау барысында қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, шың көңілімен өкінетінін, ал жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін ескеріп, оған ҚР ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігі бойынша оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды".Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!