Астана, Алматы, Шымкент: 8-10 шілде аралығына арналған ауа райы болжамы

12:59, 8 шілде 2024

© Сурет: pixabay

Синоптиктер 2024 жылғы 8-10 шілде аралығында Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астана

8 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 7-12 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°C, күндіз: +22...+24°C.

9 шілде: күндіз аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: +14...+16°C, күндіз: +23...+25°C.

10 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +14...+16°C, күндіз: +24...+26°C.

Алматы

8 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +23°C.

9 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +28...+30°C.

10 шілде: күндіз аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +30...+32°C.

Шымкент

8 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 1 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +24°C.

9 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +34...+36°C.

10 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +35...+37°C.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!