Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдама алды
© Сурет: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында белгілі болды.
Еске сала кетейік, күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына барудан бас тартты. Ал ресейліктер сапындағы Заур Угуиев Олимпиада жолдамасын иеленерде біздің Мейрамбек Қартбайдан басым түскен болатын.
Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.
Айта кетейік, Мейрамбек Қартбай 2023 жылғы әлем чемпионатында бесінші орын алды. Ол жолдама үшін таласта Олимпиада чемпионы Заур Угуиевке жол беріп, қалған іріктеу турниріне қатысқан жоқ.
Мейрамбек Қартбай 57 келі салмақта белдеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:25, 6 қазан 2024
«Референдумға қатысу – пікіріңді білдіруге мүмкіндік»: әнші Айқын дауыс берді
-
15:14, 6 қазан 2024
Еңбек өтілі 826 жыл болатын теміржолшылар әулеті референдумға қатысты
-
15:02, 6 қазан 2024
Алматының ұзақ өмір сүрушілері референдумда дауыс берді
-
14:52, 6 қазан 2024
Өнер адамдары: Референдум ел дамуындағы маңызды белес
-
14:43, 6 қазан 2024
ҚР Бас прокуратурасы: Референдумда өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ