Ақтөбеде балаларға бұрыш спрейін шашқан жасөспірім ұсталды

10:44, 8 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей шекарасынан өту кезінде іздеудегі жасөспірім ұсталды. Ол көшедегі таныс емес балаларға тап беріп, бұрыш спрейін шашты деген күдікке ілінген , деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2024 жылдың 6 шілдесінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода бозбала екі ұл балаға жақындап келіп, оларға қарай бұрыш спрейін шашады, содан соң балалардың шырқыраған жан дауысы шығады.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері шекарадан өтпек болған кезде кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады", деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 2024 жылғы 8 шілдеде.

Құзырлы ведомство жасөспірімнің бұзақылық бабы бойынша іздестірілгенін де нақтылай кетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!