ОПЕК+ келісімі: Қазақстан мұнай өндірісі бойынша өтемақының жоспарын әзірледі

13:13, 8 шілде 2024

© Сурет: pxhere

2024 жылы 8 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан ОПЕК+ келісіміне бейілділігін растайды және ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды. ОПЕК+ министрлік 37-ші кездесуі шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2025 жылғы қыркүйекке дейін 1-ші жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді. Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады", делінген Энергетика министрлігі мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ведомство бұған дейін Қазақстан бұрын қабылданған ерікті міндеттемелерін 2025 жылдың соңына дейін ұзартқанын еске салады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!