Қырғызстанда депутаттардың бірі билікті басып алуға әрекеттену күдігімен ұсталды

12:42, 8 шілде 2024

© Сурет: Қырғыз Республикасы МҰҚК

Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) қызметкерлері Жалал-Абад облысының Кербен қалалық кеңесінің депутатын билікті басып алуға әрекет жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық кеңестегі "Ата-жұрт Қырғызстан" фракциясының депутаты ұсталған.

Ол адамдарды жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға және билікті күшпен басып алуға шақырды деп күдікке ілінген.

"ҚР МҰҚК Қылмыстық кодекстің 278-бабы, 1-бөлігі ("жаппай тәртіпсіздіктер") бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жалал-Абад облысы, Ақсу ауданы, Кербен қалалық кеңесіндегі "Ата-жұрт Қырғызстан" фракциясының депутаты ұсталды. Ол Facebook әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы бола отырып, әр кез арандатушылық материалдар, оның ішінде көпті жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға шақырып, одан кейін билікті күшпен құлату/басып алуды уағыздаған", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қырғыз елінде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің жолы кесілгені хабарланған болатын. Кейіннен төңкеріс жасамақ болған күдіктілердің бірінен депутаттың әскери билеті табылғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!