БҚО-да жағажайға жай түсіп, шетелдік әйел мерт болды
© Сурет: pixabay
2024 жылы 7 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында Ресейден келген 40 жастағы турист әйел мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының мәліметінше, қайғылы оқиға найзағай жарқылдап, күн райы бұзылған кезде болған. Ресейлік әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
"Сарыөмір ауылдық дәрігерлік амбулаториясының кезекші бөліміне 7 шілдеде сағат 17:13-те шақырту келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен фельдшер медицина қызметкерлері келгенге дейін әйелдің көз жұмғанын тіркеді. Өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
2024 жылы 7 шілдеде БҚО-да дауыл соғып, қатты жел ағаштарды құлатты, бірнеше үйдің шатырын жұлып әкетті, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды.
Жамбыл облысында 7 шілдеде кешке жауған нөсер жаңбыр төтеншеліктерді түні бойы әуреге салды. Таудан аққан лай су 20-дан астам үй мен 200 ауланы басып қалды.
Ыстықкөлде де жайлауға жай түсіп, 250 қой қырылып қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 6 қазан 2024
Электрокар иелері референдумда дауыс берді
-
12:32, 6 қазан 2024
Нұрлан Абдуллин Алматыда референдумда дауыс берді
-
12:26, 6 қазан 2024
«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы референдумда дауыс берді
-
12:23, 6 қазан 2024
Жаңаөзендік мұнайшылар референдумға белсенді қатысып жатыр
-
12:15, 6 қазан 2024
Жетісайдың 55 жылдығына орай 55 жасқа келген 55 азамат таңдауын жасады