«Жаңбырдың арты қарға ұласады». Алматыда ауа райы күрт бұзылады

18:14, 16 қазан 2026
MKZ: 1572822

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда алдағы күндері жылы әрі құрғақ күзгі ауа райы орнайды. Алайда аптаның соңына қарай күн суып, жауын-шашын түседі, тіпті алғашқы қар жаууы да мүмкін. Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын Zakon.kz сайтына "Қазгидромет" мамандары ұсынды.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері қалада, негізінен, жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы күтіледі. Бірақ "Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Елена Ұлжабаева атап өткендей, көп ұзамай температуралық фон күрт өзгереді, ал қаланың жоғары бөлігінде жауған жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.

"17-20 қазан аралығында күндізгі ауа температурасы +13...+15 градустан +18...+20 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі. Бұл ретте түн салқын болады. 20 қазанға қарай түнде ауа температурасы +5...+7 градусты көрсетеді", - дейді синоптик.

Сонымен қатар, 16 қазанда түнде, сондай-ақ 17 қазанда дауылды ескерту жарияланады. Тұрғындарға ауа райы жағдайын ескеріп, синоптиктердің хабарламаларын қадағалап отыру ұсынылады.

Маманның айтуынша, өзгерістер аптаның екінші жартысында басталады. 21 және 22 қазанда күндіз Алматыда жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндізгі температура +16...+18 градустан +14...+16 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде соққан желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ең қолайсыз күн 23 қазанға сай келмек. Синоптиктер аспан бұлтты болып, кей уақытта күшті жауын-шашын болатынын болжайды. Жаңбыр мен қар жауады, ал кей күндері тұман түсуі мүмкін. Қаланың жоғары бөлігінде жауған жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал. Күндізгі ауа температурасы: +12...+14 градус.

Осылайша, аптаның басында алматылықтарды салыстырмалы түрде жылы әрі құрғақ күндер күтіп тұр, ал келесі демалыс күндеріне қарай ауа райы суытып, жаңбырлы болады. Қала тұрғындары мен қонақтары серуендеу мен сапарлау алдында ауа райы болжамын ескергені жөн.

Алматы қаласы бойынша 17-23 қазан аралығындағы ауа райы болжамы:

  • 17 қазан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соғатын жел, 3-8 м/с. Түнде +1+3°C, топырақ бетінде -1-3°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +13+15°C.
  • 18-19 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +15...+17°C.
  • 20 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5…+7°C, күндіз: +18...+20°C.
  • 21 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +6…+8°C, күндіз: +16...+18°C.
  • 22 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +4…+6°C, күндіз: +14...+16°C.
  • 23 қазан: аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) болады. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +12...+14°C.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің ең ірі үш қаласы бойынша 2026 жылғы 17, 18 және 19 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!