«Улану белгілері бар». Төрт павлодарлық оқушы мектепте өзін жайсыз сезінген
© Сурет: Zakon.kz
Павлодарда төрт оқушы белгісіз заттан уланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 15 қазанда "Павлодар-онлайн" басылымының мәліметінше, оқыс оқиға 12 қазанда қала мектептерінің бірінде болған.
"Оқу кабинетінен өткір иісі бар дәрі түйірлері табылды. Сабақтан кейін төрт оқушы өздерін нашар сезінген. Дәрігерлердің қарауынан кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады", деп хабарлады Павлодар қалалық білім бөлімі.
Денсаулық сақтау басқармасы 12 қазанда Павлодар облыстық балалар ауруханасына улану белгілері бар 2014 және 2015 жылы туған үш бала көмекке жүгінгенін нақтылады. Кезекші педиатр тексергеннен кейін балалар амбулаториялық деңгейде бақылауға жіберілді.
Білім бөлімі мектеп әкімшілігі іштей тексеру жүргізгенін де айта кетті. Оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.
Бұған дейін Алматыда уланып, ауруханаға түскен РФММ оқушыларының саны 55-ке жеткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:55, 12 қараша 2026
«Болашақ» оқу бағдарламасының шәкіртақы көлемі өсуі мүмкін
-
18:55, 12 қараша 2026
«Болашақ» бағдарламасының шәкіртақы көлемі өсуі мүмкін
-
18:37, 12 қараша 2026
«Келесі жылы ҰБТ деген болмайды-мыс»: Саясат Нұрбек ел арасында тараған қауесетке қатысты пікір білдірді
-
18:20, 12 қараша 2026
Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді
-
18:16, 12 қараша 2026
«Самұрық-Қазына» штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - компания мәлімдемесі





