Қазақстандық спортшылар суға жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі ұлттық рекордты жаңартты
© Сурет: olympic.kz
Астанада жүзуден Әлем кубогының соңғы кезеңі өтіп жатыр. Екінші жарыс күніндегі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алты өкілі финалға жолдама алды. Сонымен қатар екі ұлттық рекорд жаңартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
50 метрге еркін стильде жүзуде Глеб Коваленя 21,31 секунд нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын 0,04 секундқа жақсартты. Ол кешкі сессияда өтетін финалдық жарысқа қатысады.
100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бірден екі қазақстандық финалға шықты. Әділбек Мусин қашықтықты 51,42 секундта жүзіп өтсе, Максим Сказобцов 51,53 секунд нәтиже көрсетіп, іріктеу кезеңінде сегізінші орын алды.
Айбат Мырзамұратов 200 метрге брасс әдісімен жүзуде 2:07,15 секунд уақыт көрсетіп, іріктеу кезеңін бесінші орынмен аяқтады. Егор Попов 100 метрге кешенді жүзуде 54,64 секунд нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Ал Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жүлдеге таласады. Оның іріктеу кезеңіндегі нәтижесі - 58,55 секунд.
Тағы бір ұлттық рекордты Ғалымжан Балабек жаңартты. Ол 400 метрге еркін стильде жүзуде 3:46,87 секунд нәтиже көрсетіп, бір апта бұрын Ташкентте өткен әлем кубогы кезеңінде жасаған өз рекордын жақсартты.
Финалдық жарыстар бүгін, 16 қазанда, Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Бұған дейін Өзбекстанда суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 12 қараша 2026
Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді
-
18:16, 12 қараша 2026
«Самұрық-Қазына» штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - компания мәлімдемесі
-
18:05, 12 қараша 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 13 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
17:52, 12 қараша 2026
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер атты халықаралық конференция өтті
-
17:52, 12 қараша 2026
Халықаралық конференция: «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер





