«Бөтеннің атына тіркелген онлайн-несие». Қостанайда алаяқтық ісі бойынша тергеу жүріп жатыр
© Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысының Федоров ауданында онлайн-кредитке қатысты алаяқтық дерегі бойынша іс тергеліп жатыр. Жәбірленуші 1,5 миллион теңгеден астам қаражатынан қағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Первомайское ауылының 37 жастағы тұрғыны алаяқтық жолмен өз ауылдасының (43 жастағы) атына банктен онлайн-кредит рәсімдеген. Келтірілген шығын сомасы 1 562 500 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция азаматтарды қаржылық қауіпсіздік шараларын сақтауға және өзінің қатысуынсыз несиелердің рәсімделуіне әкеліп соқтыруы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
Бұған дейін "ауқатты отбасыға асыраушысынан айырылған жағдайда төлемақы тағайындалады ма" деген сұрақтың жауабы жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:37, 12 қараша 2026
«Келесі жылы ҰБТ деген болмайды-мыс»: Саясат Нұрбек ел арасында тараған қауесетке қатысты пікір білдірді
-
18:20, 12 қараша 2026
Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді
-
18:16, 12 қараша 2026
«Самұрық-Қазына» штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - компания мәлімдемесі
-
18:05, 12 қараша 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 13 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
17:52, 12 қараша 2026
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер атты халықаралық конференция өтті





