Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын ұзартуға қатысты шешім қабылданды
© Фото: gov4c.kz
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев депутаттық сауалға берген жауабында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын ұзарту мәселесіне қатысты ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, азаматтарды қабылдау уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзарту үшін қызметкерлер санын көбейту немесе ауысымдық жұмыс кестесін енгізу қажет.
"Осыған байланысты жұмыс уақытын ұзартуды орынсыз деп санаймыз. 2026 жылдың сегіз айында теориялық емтиханға 474 895 үміткер қатысты. Бір мезетте емтихан тапсыратын адамдар санын арттыру үшін республика бойынша қосымша 86 емтихан орны ұйымдастырылды. Практикалық емтихан тапсыруды күтіп жүргендер саны 43 763 адамды құрайды", – делінген министрдің жауабында.
Сондай-ақ ол 2026 жылғы қазанда Алматы мен Қарағандыда жаңа автодромдар ашу жоспарланғанын хабарлады. Бұған қоса, Жезқазғанда, Көкшетауда, Жамбыл облысының Тараз қаласы мен Қордай ауданында қосымша автодромдардың құрылысы аяқталып жатыр.
"Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып белгіленген. Теориялық емтиханға жазылуға болатын ең соңғы уақыт – 17:30, ал емтихан рәсімдері сағат 19:30-да аяқталады", – деп қосты министр.
Бұған дейін Қазақстанда автокөліктерді тіркеу қағидалары өзгергені туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:55, 16 қазан 2026
Кемпірқосақ пайда болуы үшін жаңбыр жаууы керек пе: синоптиктер жауап берді
-
12:48, 16 қазан 2026
Жыл соңына дейін құрылыс нысандарын пайдалануға беру процесі цифрландырылады
-
12:37, 16 қазан 2026
Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді
-
12:25, 16 қазан 2026
170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: полицейлердің қатысы бар 4,4 млрд теңгелік алаяқтық әшкереленді
-
12:14, 16 қазан 2026
Алматының оңтүстік бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі





