Еліміздің шығысына қар түсті. Синоптиктер не дейді

18:52, 16 қазан 2026
MKZ: 1572826

© Сурет: Zakon.kz

2026 жылдың қазан айының ортасында Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) таулы және шығыс аудандарында, сондай-ақ Абай облысының Тарбағатай ауданында қар жауды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындар желіде табиғаттың әдемі көрінісін сипаттайтын фотосуреттермен бөлісіп, биыл қардың тым ерте түскенін айтуда.

Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне жүгінді. Синоптиктер ШҚО тұрғындарын кезекті рет қандай ауа райы "тосынсыйлары" күтіп тұрғанын айтып берді.

Атап айтқанда, облыста 2026 жылғы 18-23 қазан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ және тұман болады деп күтіледі. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын болатыны болжанады.

20-21 қазанда қатты жел соғып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге, тіпті кей тұстарда 23-28 метрге дейін жетеді. Кейінгі күндері желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Түнде жекелеген аудандарда сынап бағаны 10 градус суықты көрсетіп, аязды күндер туатыны да болжанады.

Абай облысында да 18-23 қазан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ және тұман болады деп күтіледі. Кей жерлерде соққан желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, ал 22-23 қазанда желдің екпіні секундына 25 метрге жетуі мүмкін.

Ауа температурасы түнде -6...+7°C, күндіз +3...12°C деңгейінде ауытқиды.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша 17-23 қазан аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!