Төрт құрлық чемпионаты Астананың орнына Алматыда өтеді

09:27, 16 қазан 2026
MKZ: 1572661

© Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатының өтетін орны өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқыда жарысты Астанада өткізу жоспарланған. Алайда Қазақстан конькишілер одағымен келісім бойынша турнирді Алматыға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Чемпионат 2027 жылғы 9–14 ақпан аралығында "Алматы Аренада" өтеді.

Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдамақ.

2025 жылы бұл турнирде Михаил Шайдоров жеңіске жетсе, 2015 жылы Денис Тен чемпион атанған. Әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы үшінші орын иеленген.

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канададағы турнирде Қазақстан намысын қорғайды. Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында Келоуна қаласында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!